Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты icon

Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты



НазваниеТақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты
Дата24.06.2013
Размер61.73 Kb.
ТипДокументы
источник

Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі».


Мақсаты:

Білімділік – салауатты өмір салтын насихаттау барысында тазалық сақтауға, зиянды

әдеттен аулақ болу дер кезінде бас тарта білуге үйрету арқылы білім

деңгейлерін көтеру.

Дамытушылық – оқушылардың танымдық, тапқырлық, ізденімпаздық, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілік – дені сау, шыныққан, әділетті, өнерлі, жерін, елін сүйетін азаматтар

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

^ Сабақтың көрнекілігі: темекі, алкоголь, есірткіге байланысты суреттер және

дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сергіту сәті : « Байланыстырғыш жіп ».

Мақсаты : басқа адамдармен жақындастыру сезімін қалыптастыру.

Құралдар : жіп орамы

Ойын барысы : Балалар дөңгелектене жайғасып, бір- біріне жіп орамын жібереді.Сол кезде өздерін қалай сезінетіндерін, өзіне және жанындағы досына не тілегісі келетінін айтады. Қиналған балаларға жүргізуші көмектесіп, жіп орамын бірнеше рет домалатады. Жіп орамы жүргізушіге қайтып келгенде балалр жіпті тартып, көздерін жұмып, өздерінің біртұтас екендіктерін сезініп, әрқайсысы өзінше маңызды, мағынылы тұлға екендігін сезінеді.

ІІ. Кезең.

Қолдың шапалық үні ( мұғалім ) өзіне назар аударудағы қолданылатын әдістің түрі.

  • Балалар адам баласы үшін не қымбат ?

  • Оқушылар жауабы ( әрине, бірінші байлық – денсаулық.) .

Денсаулықтың құны өте жоғары, оны ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Егер денсаулығың болмаса дұрыс білім ала алмайсың, бүгінгі уақытымызда білімің болмаса алдыңнан кедергілер көбейеді.Өмірдегі мақсатыңа қол жеткізу үшін ең алдымен білім мен мықты денсаулық керек. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың ұраны : « өз өзімді баптаймын,

денсаулығымды сақтаймын » ( ұранды айтқанда қимылмен көрсету).

Бүгінгі сабақта өз білімдеріңді ортаға салып, бір –бірімізбен бөлісіп, ой шапшаңдық-тарыңды , жылдамдықтырыңды, тұйықтан жол тауып шешім қабылдайтындықтарыңды

көрсетіңдер.

Балалар тақтада жылдар жазылған қағаздар тұр. Әр жылдың өз тапсырмалары, сұрақтары бар.Соларды орындау барысында ғана біз өз мақсатымызға, өз жеңісімізге жете аламыз.Біз оған дайынбыз ба? Дайын болсақ бастайық.

  • Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

  • 9 мамыр – жеңіс күні.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ендеше бүгінгі сабағымызды Жеңістің 65 жылдығына арнаймыз.

  • Ұлы Отан соғысы неше жылға созылды ?

  • 5 жылға.

  • Бұл соғыс не үшін болды ?

  • Елімізді, жерімізді қорғау үшін.

  • Елімізді, жерімізді қорғау үшін ең алдымен қандай болу керек ?

  • Күшті, жігерлі, ақылды, төзімді, қайратты, т.б.

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер ?

  • Әлия Молдағұлова , Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы , Қасым Қайсенов,т.б.

  • Бұл соғысқа қатысқан ардагер ата-әжелерің бар ма?

  • Оқушылардың жауаптары.


І бөлім : 1941 жыл « Жаманнан жирен ».

Көшеде кейбір балалар темекі тартып, шарап ішіп өздерін ересек көрсетуге тырысып,

жаман әдет көрсетеді.Бұл денсаулықты сақтауға қалай әсер етеді? Ойларыңды қағазға жазыңдар,2-3 минут уақыт беріледі.

Мұғалім : -Жауаптарыңнан байқағанын, темекінің, есірткінің, ішімдіктерінің зиянынан барлығын хабардар екенсіңдер.Бұл заттарға үйірсектік адамға өте жұққыш, сондықтан оның зиянын тереңірек білсін деп, әңгімемізді жалғастырамыз.

Темекі тартқан адам өз ағзасын улап жатқанын бастапқыда ешқандай сезбейді.Ал темекінің құрамында өте күшті у-никотин бар.Ол қанға жеңіл сіңіп, ішкі ағза мүшелеріне жиналып, біртіндеп ағзаны бұзады. Мұны адам бірден сезбейді. Алғашқы рет темекіні тарқанда бас айналып, жүрек айниды, бұл ағзаның қарсылық танытуы.Жасөспірімдер ересек көрінуге тырысып, темекі тартатыны белгілі.Ал кейбір балаларжаман әдетке үйренген топтың қысымына қарсылық көрсете алмайды, оларға ереді.тағы бір білуге тиіс

жағдай темекі тартып тұрған адамның жанында тұрудың өзі зияндығы иіскеп тұрған адамға көп мөлшерде иіс улы заты сіңіріледі екен.Сонымен темекі тартатын адамдардың тыныс алу жолдарының аурулары астма, туберкулез, ісік ауруларымен ауыру қаупі бар.

Алкогольдік ішімдіктер де өте зиян.Ол ең алдымен миды зақымдайды.Ішімдік ішкенде есте сақтау қабілеті төмендейді, адам ойлана алмайды.

Есірткі адам өмірін қысқартады.Неғұрлым есірткіге ерте әуестенсе, адам соғұрлым өмірімен ерте қоштасады.

Бұлардың барлығының отбасы үшін, қоғам үшін де зияны бар.Мысалы: отбасының бұзылуы, дүниегекелген баланың кемтар болып туылуы, жұмысқа қабілетінің болмауы және өз денсаулығын өзі құртуына әкеп соқтырады.

Енді мына кестеге назар аударыңыздар,

Темекі Алкоголь ішімдіктері Есірткі

Ағзаны улау


ми


Астма,ісік аурулары Жара, бауырдың бұзылуы, Ағзаның бұзылуы

туберкулез ісік аурулары

« Шайтан өзі кіре алмайтын жерге шарабын құяды ».

« Мас болу өз ықтиярлығымен есуастану »

«Маскүнемдік жындану үшін жаттығу»

«Жасында темекісін будақтатқан – күркілдеп қартайғанда сұлпа жатқан».

«Шылымшы өзін - өзі көрге тығушы».

«Ал - коголь» - ес ауыстырушы (араб сөзінен шыққан)


- 20 тал темекі шексе оның жүрегіне желге қарама қарсы дем алмай 8 сағат велосипед тепкенмен бірдей екен (демалмай тепкен).


^ IІ бөлім : 1942 жыл « Ақыл - кеңес ».

Қалай ойлайсыңдар, жаман, зиянды әдеттерден аулақ болу үшін не істеу керек?

(Спортпен айналысу, денесін шынықтыру, кітап оқу, шахмат ойнау, достарымен араласу, пікірлесу, т.б.)

Тапсырмалар: Жаман әдетті іс - әрекетті табу.

Тақтаға суреттер қойылады сол суреттер ішінен ұнағандарын тауып тұсына гүл ал ұнамағандарының тұсына тікенек суреттерін салады.


IIІ бөлім : 1943 жыл « Cпорт – көмекші дос ».

Спорттың бір түрі жазылған карточка алады да оны ыммен, қимылмен көрсетеді. Қалған оқушылар көрсетілген спорт түрін табулары керек.


м/ы: жүзу – асық (сақа) ойыны.

Шаңғы тебу – күрес.

Бокс – қыз қуу.

Хоккей – арқан тартыс.


Түртіп алу (дәптермен жұмыс).

Қозғалыс белсенділігі –төзімділік.

-иілгіштік.

-жылдамдық.

-икемділік.

-тепе – теңдік сақтау.


Дауыстап қайталау: «Мен күштімін! Өйткені менің сүйектерім және бұлшық еттерім

өте мықты!» деп ұранды сөздерді хормен оқыту.


^ IV бөлім : 1944 жыл « Ой жылдамдығы ».

Денсаулық сөзінің әрбір әрпіне салауатты өмір салтын бейнелейтін сөздерді ойластыру қажет. Д – дұрыс дем алу.

^ Е – ерінбеу керек.

Н – ниеттену.

С – спорттпен айналысу.

А – ағзаны шынықтыру.

У – уақытты дұрыс ұйымдастыру.

Л – лайықты өмір сүру.

Ы – ынта-ықылас алға жетелейді.

Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады.


Тапсырма орындау: «Өз ойыңды пайдалана және жаттықтыра біл!»

  1. Ми тазалығы. Үнемі мида оттегінің көп болуын қамтамасыз ету.

  2. Алкогольден сақтаныңыз!

  3. Темкеі шекпеңіз!

Ми немен қоректенеді?

Фосфор – кальций. (ірімшік, жұмыртқа, жаңғақ).

Белок (ақуыз). (ет, балық, бауыр, көкөністер).

Есте сақтау қабілетіне арналған тапсырмаларды орындау.


^ V бөлім : 1945 жыл « Өз денсаулығың өз қолыңда ».

Суреттер бойынша өз шешімдерін шығару. Әр бір балаға суреттер ұсынылады сол суреттер бойынша бір-бір сөйлем құрап шығу.

^ Мұғалім сөзі: «Адам болып дүниеге келген соң» Ол не? Ол кім? Деген сұраққа лайықты өмір сүруге тырысайық.

Тапсырма: темекі, арақ, есірткі заттарына «ЖОҚ» деп белгісін қою ұсынылады.


Қорытынды:

Мұғалім: «Денсаулық - зор байлық». Әр адам әдемі, сымбатты, сергек, денінің сау болғанын қалайды. Ал бұл әркімнің өз қолында екенін көбісі түсіне бермейді. Егер ағзаны уламай, уақытылы дұрыс тамақтансақ денемізді шынықтырып, ағзаның иммунитетін жоғарлатсақ, уақытымызды дұрыс ұйымдастырсақ салауатты өмір сүреміз. Ал бұл денсаулықтың нағыз кепілі.

Бүгінгі сабақтан қандай да бір өздеріңе қажетті ой түйсеңдер, сабақтың мақсаты орындалғаны.


Бекіту:

Сергіту сәті: «Тілек шоғы».

Мақсаты: балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға үйрету.

Ойын барысы: Балалар әр қайсысының қолында гүл. Балалар қолындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, мұғалімнің өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады. Яғни өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деп мұғалім қорытынды жасайды.


Соңы: Оқушыларды ортаға шақыру. Шеңбер бойымен тұрғызу. Бір-біріне рахмет айтып жылы лебіздерін білдіру үшін (қимылмен көрсету арқылы) беттерінен сүю.

М/Ы: ым-ма, ым-ма, ым-ма, ыммм-ма.

Соңында келген қонақтарға қарап тұрып олардың да беттерінен сүю.



Похожие:

Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconБалам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу. Мақсаты
Мақсаты: оқушылардың адам құқығы оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту: әрбір адам өз құқығы біліп, өзгенің құқығы бұзбауға...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconУрок по казахскому языку в 6 классе Тақырыбы: Қыс Мақсаты
Мақсаты: 8 модульмен таныстыру, жаңа сөздермен таныстырып, олармен жұмыс жасау. Мәтінді оқып аудару, мазмұндау. Тіл дамыту, зат есімді...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Мақсаты
Мақсаты: Оқушыларды ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді мәтінді дұрыс оқуға...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде менгергендерін анықтау,сандар қатарын,санның құрамын,тура...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы: «Допты әріптесіне беру» Сабақтың мақсаты: 1
Сабақтың мақсаты: Допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды мңгерту, волейбол ойынына жаттықтыру. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру...
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСынып: 11 Сабақтың тақырыбы
Мақсаты: а Аудирование арқылы Отан туралы тематикалық сөздерді меңгерту,ә Отаншылық сезімді қалыптастыру
Тақырыбы: «Ұрпақ жеңісі». Мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы