Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» icon

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»



НазваниеСабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Дата24.06.2013
Размер29.07 Kb.
ТипДокументы
источник

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»

Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Сабағымызды жұмбақпен бастайық

Аяғы бар жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді.

Балалар шешуін табады. Шешуі: «Бағдаршам»

Міне, көшеден бізге кім қонаққа келіпті?

Бағдаршам.

Қатты қытырма қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

Бағдаршамның қызметі қандай?

  • Жол тәртібін реттеуші.

  • Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?

Ойын бағдаршам құрайық.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Мұғалім: Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыптыю

  • Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

  • Жиек жолмен жүреміз.

  • Жиек жол болмағанда ше?

  • Жер асты жолымен.

  • Жолдың қай жағымен жүру керек?

  • Оң қол жақпен жүреміз

  • Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

  • Аялдамадан отырамыз.

Өте жақсы, балалар, бағдаршамның берген сұрақтарына өте жақсы жауап бердіңдер. Енді көлік жүргізушілерге мынадай сұрақтар әкеліпті.

  • Балалар, сендерге қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?

  • Он төрт жасқа толғанда.

Сендер бағдаршам әкелген барлық сұрақтарға түгел жауап бердіңдер.

«Жас жолаущылар жыры» әні орындалады.

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус, трмвай,

Автобузбен жүреміз.

Қайырмасы:

Көлік, көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен, көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.


Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз.

МАИ қызметкерлерінен.

Сан кешірім сұраймыз.

Қайырмасы:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген?

  • «01» өрт сөндіруші машинасына, «02» полиция машинасына, «03» жедел жәрдем машинасына.

  • Олар белгілі бір дауыс беру арқылы өтеді.

  • Өте тамаша, балалар, сендер бағдаршам әкелген барлық сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.

  • Сендерге тағы бір ойын әкеліпті – «Белгілерді құрастыр және айтып бер».

^ Ойынның шарты:Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырасыздар, сонан кейін атап берулеріңіз керек.

Бағдаршам болып киінген үш оқушы тақпақтарын айтып береді.

Қызыл: Қызыл көзі жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары: Сары көзі жанғанда,

Сақ абай бол қашанда.

Жасыл: Жасыл жарық жол ашық,

Жүгіре бер бел асып.

Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Жанатын бағдаршам ортаға келеді.

Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.

Сары көзін жағады. Оқушылар қол шапалақтайды.

Жасыл көзін жағады. Оқушылар орындарында тұрып жүреді.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні хормен орындалады.



Похожие:

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconТақырыбы: Далада, көшеде жолда жүру ережелерін орындау, ҚТ сақтау туралы
Автокөлікпен қатынайтын оқушылар міндетті түрде жже сақтап, автобусқа тек аялдамалардан отырып, түсуі қажет
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconМектептегі мемілекеттік тілде оқитын 1-4 сыныптар арасында сыныптан тыс «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты іс шара өтілді. (жауапты Тоқай С.) Сабақтың мақсаты
Ежегодно в Казахстане с 1 по 30 апреля проводится месячник по профилактике дорожно-транспортного и бытового травматизма среди детей...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: Тұғырлы Тәуелсіздікке 2О жыл. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Зайырлы мемлекет жайлы, 2О жыл тарихына үңіле отырып тереңірек мағлұматтар беру, оқушылардың ойын тыңдау
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconМақсаты: Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру. Балаларды мейірімділікке,...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: 10 саны. 10 санын жазу Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: 1 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: Қорықтар. Қорытынды сабақ Сабақтың мақсаты
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған орданы табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген сандар бойынша қаншалықты деңгейде менгергендерін анықтау,сандар қатарын,санның құрамын,тура...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: «Допты әріптесіне беру» Сабақтың мақсаты: 1
Сабақтың мақсаты: Допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды мңгерту, волейбол ойынына жаттықтыру. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы: «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» Сабақтың мақсаты
...
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» iconСабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты
Ауызша,жазбашаталдау жұмысын жүргізіп,теориялық білімін бекту,оқушылрды дұрс сөйлей білуге,сауатты жаза білуге іздендіре отырып нәтижеге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzbydocs.com 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку.
обратиться к администрации
Документы