|
| «Жол белгілері» еліне саяхат. Мақсаты:Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін тиянақтау.Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру.Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен : -Армысыз ,қайырлы күн! -Армысыз,қайырымды Аспан-ата! -Армысыз,мейірімді Жер –Ана! -Армысыз, шұғылалы Алтын-күн! -Қуанайық ,шаттанайық бәріміз! -Күліп шықты күн бүгін! -Бәріміз күндей жарқырайық! -Бәріміз тату болайық! -Бәріміз дос болайық! Мұғалім:Балалар, бүгінгі күнімізде сендерге сәттілік тілеймін. (Осы кезде есік қағылып хат келеді) Мұғалім:Балалар ,бізге хат келіпті. Кәне ,оқиық.«Біз жол белгілері елінің тұрғындарымыз.Біздің жол белгілерін мыстан кемпір сиқырлап тастады.Енді біздің елімізде жол апаттары болып жатыр.Бізге көмектесіңдер!Сәлеммен Жол белгілері елінің тұрғындары» .Көрдіңдер ме,жол белгілерісіз, бағдаршамсыз жолда жүру өте қиын. ^ : Иә. Мұғалім:Олай болса,біз автобуспен «Жол белгілері еліне» саяхатқа барамыз.Балалар,көлікте,автобуста жүру ережелерін есімізге түсірейік. Балалар:Автобусқа,трамвайға артқы есіктен кіріп,алдыңғы есіктен шығу керек. -Жасы үлкендер мен кішкентай бөпелі адамдарға орын беру керек. -Автобуста айқайлап сөйлеуге,қатты күлуге болмайды,ол әдепсіздікке жатады. -Ашық есіктен ,терезеден басты шығарып, қолды созуға болмайды, олай істеу қауіпті. Ойын ойналып бола бергенде Алдаркөсе мен Шығайбай кіріп келеді. Алдаркөсе:-Ассалаумағалейкум,халайық! Шығайбай:Әй,Алдаркөсе,мынау не қып қаптап кеткен домалақ қоңыздар! Алдаркөсе:Әй,байеке, есекті өлтіріп, жаңа техниканы келтіріп,жел мен жарысқан машиналар ғой, бұлар.Байқаңыз,таптап кетіп жүрмесін. Шығайбай:Енді не істедік?Қалшиып тұрғанымызда бір қоңыздың астында қалып жүрмейік.Мен қорқайын дедім. Алдаркөсе:Менің атым Алдар екенін білмейсіз бе?Мен не айтсам,қазір сол болады.Байеке,қараңыз!Машиналар тоқтаңдар!(Жасыл жарық жанып тұрады.)Ал,жүрейік. (Артына қарап)Машиналар жүріңдер! (Жасыл жарық жанып,машиналар жүреді),Шығайбай жарықтардың өзгергенін байқамайды. Шығайбай:Ой,астафралла.Мына Алдар керемет қой. Мұғалім:Балалар,Алдаркөсе дұрыс айтып тұр ма? -^ :Жоқ,Алдаркөсе Шығайбайды бағдаршамға қарап өткізіп тұр. Шығайбай:Бағдаршам?Ол не нәрсе ,өзі қайда тұр? 1-бала:Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін: Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Жүрме жолға таласып, Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба! Шығайбай:Түсінікті,түсінікті. Біліп алдым мен де: Жасыл жанса демде Алға кетем лезде. ^ : Өте дұрыс. Онда автобусқа мінейік,сапарға аттанайық. (Музыка ойналады.Автобустан түскенде алдарынан жылаған бала шығады) Мұғалім:Балақай, сен кімсің, не болды? Бала: Мен жол белгісімін.Мені және менің достарымды мыстан кемпір сиқырлап тастады. Мына жұмбақты шешкенде ғана менің сиқырым кетеді. (Қолындағы қағазды ұсынады) Мұғалім: Ілулі тұрған не белгі? Машинаға «Тоқта» деген белгі берді Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақтар Жаяуларға «Өтіңдер» деп белгі берді. ^ : Жаяулар өтпесі Мұғалім: Балақай қалған достарыңа барайыұ, оларға көмектесейік! Үйдің ішінен балалар бір-бірлеп шығады. 2-бала: Бір ғажабы-бұл жерде Бір нәрсені ел күтеді Отырады біреуі Тік тұрады біреуі Неғылған жер бұл өзі Айтыңдар кім біледі? ^ : Аялдама. 3-бала: Жол астында бір ін бар Не екенін кім табар? Неге онымен адамдар Ары-берлі ағылар. Балалар: Жер асты жаяулар өтпесі. 4-бала: Іші ауырды Айбардың Сірә, үйіне жете алмас Қандай белгі таба аласың Мұндай кезде қиналмас. Балалар: Емхана. 5-бала: Аудан,мектеп,үй стадион Салынып жатқан жерлерде Тура жүрсең түсетін Шұқырлар бар жерлерде Жүйіткіген жол үстінде Қандай белгі тұрады? Балалар: Жаяулар жүруге болмайды. Жол белгісінің біреуі: Рахмет балалар, сиқырымызды шештіңдер. Мұғалім: Жол белгілері,бір-бірімен араласып кетеді. Ойындар ұйымдастырылып,балалар ойнайды. |
![]() | Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі» Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып жол ережесін жасына сай меңгерту.... | ![]() | I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру Сабақтың мақсаты: жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын байыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру |
![]() | Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды оқуға, білімге шақыру; Мақсаты: 1 білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну. Ата-аналармен бірге мерекелік көңілкүй арқылы балаларды... | ![]() | Білім беру саласы: «Қатнас» «шығармашылық» Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, болып жатқан қубылыстар жайлы білімдерін тиянақтау |
![]() | Успенка оак-ның балалар бөлімі «Ерте, ерте, ертегі қызықтырып ертеді » Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау... | ![]() | Сабақтың тақырыбы Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу |
![]() | Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа... | ![]() | Атамнан қалған өсиет Мақсаты: Балаларды рухани құндылыққа, адамгершілікке кітап, өлең арқылы тәрбиелеу |
![]() | Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға... | ![]() | Тақырыбы: Далада, көшеде жолда жүру ережелерін орындау, ҚТ сақтау туралы Автокөлікпен қатынайтын оқушылар міндетті түрде жже сақтап, автобусқа тек аялдамалардан отырып, түсуі қажет |